Суббота, 6 декабря, 2025
Тәрбие жұмысы

«Буллинг, кибербуллинг»

13 қазан күні Костанай ауданының полиция лейтенанты Нурбаева К.А. Қ.Қаримов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-11 сынып оқушыларымен «Буллинг, кибербуллинг» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің түрлері, оның зардаптары және ондай жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ, желідегі қауіпсіздік ережелері мен құқықтық жауапкершілік туралы мағлұмат берілді.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтарын білуге және қорғай білуге бағытталды.