Воскресенье, 7 декабря, 2025
Жаңалықтар

«Заң және тәртіп»

Қостанай облысы білім басқармасы «Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ. «Біртұтас тәрбие» айдары.»Заң және тәртіп» жоба аясында 2025 жылдың 15 мамыр күні Қостанай ауданының ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Нурбаева К.Е. 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде бала құқығы мен міндеттерін, тәртіп ережелерін сақтау, психоактивті заттардың адам ағзасына тигізетін зияны, оларды пайдаланудың заңға қайшылығы мәселелер төңірегінде лекция оқыды, оқушылар заң қызметкерлеріне сұрақ қойып, жауап алды. Тәртіп ережелерін бұзған жағдайда қандай баптар бойынша айұппылдар салынатынын да айтты.
#біртұтас_ тәрбиекостанай_ауданы @ogu-agartu_ministrligi @kost_bilim @gani_beisembayev @medetbekovameruert