Воскресенье, 7 декабря, 2025

Мұражай

Кадыр Каримов  атындағы жалпы білім беретің мектебінің мұражайы  туралы мәлімет.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласының  кіші бағыттардың аясында  жүзеге асқан  игіліктердің  нәтижесін,елдегі кереметтерді  көрсетіп, халық  алдында  насихаттайтын мұражайдың  ашылуы-өте  орынды  шешім. Осы бағдарламаны жүзеге     асыру  мақсатында  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша Кадыр  Каримов атындағы  жалпы білім беретің мектебінде мектеп директоры  Ибраева  Салтанат  Кенжеханқызының  бастамасымен  «Алтын  аймақ- туған  өлкем»атты  мұражайы  ашылды. Мұражайдың салтанатты   ашылуы  27 қараша 2019 жылы  өтті.Аталмыш  іс-шараға  мектептің  басшылығы, мұғалімдер  құрамы, мектеп  бітіруші  жастар  толық    араласты.Ауданы әкімшілігінен білім  бөлімінің  өкілі, мектеп  орналасқан  ауыл  әкімі қатысты. Сонымен  қатар бұл  шараға   ауыл   өңірінің  дамуына  өз  кезінде   елеулі  үлес   қосқан  Ел   ағаларының  қатысуы  мектеп  бітіруші  жастар  үшін   үлкен   өнеге  болды.  

   Мұражай қорын толықтыруға  2 жылдай  уақыт және 776 000 теңге қаражат жұмсалды. Әр жұмсалған қаражат мектептің түлектерінің көмегі.Мұражайдың ашылуына  қамқоршылық кеңестің төрағасы  Сағындық Есментаев  пен қамқоршылық кеңесінің  мүшелері өз үлестерін қосты. Салтанатты шараға  Қостанай аудандық маслихатының  хатшысы   Аксаутова А.Ж, Қостанай  аудандық білім бөлімінің басшысы  Салмагамбетова  Маржан  Дүйсенбаевна , мектеп  директорлары   және ауылдың  құрметті азаматтары, ардагер ұстаздары, мектеп түлектері мен оқушылары қатысты. Мұражай мектептің алғашқы кірпішінің қалануынан  бастап  бүгінгі күнге дейінгі тарихынан көрініс береді.  Туған жерінің өсіп өркендеуіне ат салысқан еңбек ардагерлері, мектеп ашылғалы еңбек еткен мектеп директорлары, оқу озаттары, ҰОС қатысқан соғыс ардагерлері мұражайдың төрінен орын алды. Сондай – ақ,  мектептің аты берілген Ұлы Отан соғысының ардагері,  алғашқы мектептің іргесін қалаған  Кадыр Каримов туралы тарихи қолжазбаларға  мұражайдың бір қабырғасын арнадық:

Біздін мұражайымыздын келесі бөлімі ,Сапалы білім көшбасшылыкта Рухани жанғырудын бір бөлігі болып келеді біздін бірінші бөлімімізде мектебіміздін әр жылы басшылык  жасаған басшылырымызбен таныс боласыздар 2 кезен Келесі бөлімде сіздер мектебіміздін ұстаздары  және енбек ардагерлерімен таныс боласыздар сынып жетекшісі  Ли Анна Анатолеевна өзінін педагогикалык ұжымымен түскен суреті келесі суретте Ибраева Роза 1985 жылы басшылық еткен суреті ал келесі суретте 1972 жылы мектеп бітірушілермен түскен фотосы келесі фотода  Сатов Бахыт ағай мектеп ұстаздарымен аудандық ӘН күй байқауына катысканын көріп тұрсыздар және 2016 жылы енбек ардагерлері түскен суретін көріп тұрсыздар .Енбек ардагерлері туралы айта кетсем Какенов Казакстан ,Наурызбаев Алмат, Пішембаев Жұмағали, Сыздыкова Ұлжан ,Есимгалиева Еркін  және тағыда басқалары мектебіміздегі жас ұрпакка сапалы білім ,саналы тәрбие беруде аямай енбек етіп мектебімізге үлкен үлес қосты  осы суреттерге карай кетсек мектептін түлек ұшкан түлектері еліміздін түкпір түкпірінде қызмет етуде.Өз  кезінде осы мектепте белгілі  ақын Мариям Хакімжанова оқыды.Сонымен  катар Қостанай облысының  ( 1995-1998жж.)әкімі Тоқтарбай Кадамбаев білім  алды.   Валиулина Айнура Рашидовна  КР қаржылық  Министерствосының  қызметкері

     Нурбаев Жаслан Есеевич-  Л.Н Гумилев    атындағы  Евразия ұлттық Университетының  декан  меңгерушісі.

    Муржакупов    Касымхан      Жусупович –  Қостанай  қаласының №1 поликлиникасының  басшысы .

    Муржакупов Кайсар Батырханович- Костанай облысы Бейімбет Майлин атындағы   аудан  әкімі;

Унайбекова  Асем  Борамбаевна  — Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы боп қызмет еткен болатын.