Наурыз мейрамы
«Адал азамат» айдары
2026 жылдың 18 наурыз күні 5–11 сынып оқушыларына арналған Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеп, ұлттық ойындар ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті. Ән шырқап, би билеп, сахналық қойылымдар арқылы мерекенің мазмұнын аша түсті.
Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың ұлттық мәдениетке деген құрметі мен қызығушылығын арттырды.







