Среда, 3 июня, 2026
Новости

» Заң мен тәртіп»

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Қостанай ауданы білім бөлімінің Қадыр Кәрімов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

«Адал азамат» айдары
» Заң мен тәртіп» айлығы шеңберінде мектеп оқушыларымен Қостанай ауданы полиция өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтар, олардың салдары және құқықбұзушыларға қатысты өтетін сот отырысының өту тәртібі туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттердің жасөспірімдер денсаулығына, болашағына тигізетін кері әсері жөнінде ақпарат берілді.